Вице-Президент Ерлан Қарин Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қатысты алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды 24KZ.
«Президент сөйлеген сөзінде келер ұрпақтың мүддесі үшін жүзеге асырылатын жүйелі өзгерістерге баса назар аударғанын атап өтті. «Халықтық құрылыс» міндеттері халықтық цифрлық экономиканы дамытумен тығыз сабақтастырылып, Жолдаудың өн бойынан көрініс тапты», - деді Ерлан Қарин
Вице-Президенттің айтуынша, мемлекет қордаланған жүйелі проблемаларды біртіндеп шешіп, болашақтағы дамудың берік негізін қалауда. Партия фракцияларының жетекшілері Жолдауда көтерілген бастамаларды қолдап, ашық әрі сындарлы ынтымақтастыққа және бірлескен жұмысқа дайын екенін мәлімдеді. Кездесуге партиялардың жетекшілері мен Президенттің Құрылтайдағы Өкілдігі басшысы қатысты.
Тегтер #24KZ #жолдау 2026 #вице президент #Ерлан ҚаринPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz