Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапармен барды.
Түркия - Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің бірі. Қос ел арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 6,33 миллиард долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 62,1%-ға артқан. Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитіне қатысады. Анадолыдағы ағайын үшін бұл жиынның тарихи һәм символдық мәні зор. Келелі кездесу елдің Республика күнімен тұспа-тұс келіп отыр. 34 жыл бұрын дәл осы шаһарда түркі мемлекеттері басшыларының алғашқы кездесуі өткен еді. Жылдар өте ынтымақтастықтың мазмұны да өзгерді. Биылғы жиынның тақырыбы «Түркі ғасыры: тілде, ойда және істе бірлік». Саммитке ұйымға мүше бес елдің басшылары қатысып, саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды. Жиын қорытындысында Анкара декларациясы мен ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар құжат қабылдау жоспарланған.
Тегтер #Қазақстан #Түркия #24KZ #Қасым Жомарт ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz