RU
Толық нұсқаға өту

Халықтық құрылыс бақылауға алынады

29.10.2026, 21:27 38

Инфрақұрылымдық жобалардың сапасы мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы бақылауға алынады.

Бүгін Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының кеңейтілген отырысында «Халықтық құрылысқа – халықтық бақылау» бастамасы ұсынылды. Жоба аясында Халық Кеңесі, өңірлік қоғамдық кеңестер мен бейінді сарапшылар бірлесіп жұмыс істейді. Бастама құрылыстың сапасы мен мерзімін бақылауға, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жедел жоюға бағытталған. Жиында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру тетіктері да талқыланды. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық дағдыларын дамыту, ауыл тұрғындарын интернет арқылы сауда жасауға үйрету және жастарға онлайн құралдар арқылы кәсіп ашуды меңгерту жайы қозғалды. Бұдан бөлек елдің ұзақ мерзімді даму басымдықтарын айқындайтын жыл сайынғы баяндама әзірлеу және жаңа Азаматтық кодексті дайындауға қоғам өкілдерін тарту мәселелері қаралды. Жиында айтылған бастамалар мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталып, Халық Кеңесінің алдағы жұмыс жоспарына енгізіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz