Түркі мемлекеттері ұйымы аллеясы – бауырластығымыздың символына айналады. Президент аллеяның Режеп Тайип Ердоғанның бастамасымен ашылғанына бөлек тоқталды, деп хабарлайды 24KZ.
Сосын әлемдегі геосаяси ахуалға ойысты. Ормуз бұғазы төңірегіндегі текетірес күрделене түсті. Бұл әсіресе шекаралас түркі мемлекеттерінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланысына кері әсер етті. Қазақстан хусит деген әскери қозғалыстың бауырлас Сауд Арабиясына қарсы негізсіз шабуыл жасағанына наразылық білдірді. «Осындай жөнсіз әрекеттерді тоқтату керек деген мәлімдемелерге қосыламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Құбылмалы заманда бір қалыпты қарым-қатынастың құны артады. Яғни Түркі мемлекеттері ұйымы аясында экономикалық ықпалдастықты арттыру қажет. «Түркі әлемінің келешегі – 2040» бағдарламасын сапалы орындап, 2027-2031 жылдарға арналған стратегияны жедел қабылдау керек. Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін де қолдану маңызды. Сондай-ақ ұйым аясында Ақсақалдар кеңесін күшейтіп, қаржылай және басқа да түрлі көмек көрсету мәселесі көтерілді.
Тегтер #24KZ #Қасым–Жомарт Тоқаев #ресми сапар #ТМҰ саммиті #Анкара #Түркия #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz