Қазақстан мен Қырғызстан сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 2,4 млрд доллар болса, биыл 20 пайызға артты, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Бішкекте өткен Қазақстан мен Қырғызстанның ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумында айтылды. Жиында сауда-экономикалық байланысты кеңейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Басқосуға қос елдің премьер-министрлері қатысып, өңірлер арасындағы тікелей байланысты нығайтуға басымдық берді. Өнеркәсіп, инвестиция, көлік-логистика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Олжас Бектенов Қазақстан Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.
Тегтер #24KZ #Қырғызстан #сауда айналымы #Бішкек #форумPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz