7 жылда әлеуметтік салаларға бюджеттен 88 трлн теңге бөлінді. Мыңдаған мектеп, балабақша және медицина мекемесі салынды, деп хабарлайды 24KZ.
3,5 млн-нан астам жаңа жұмыс орны ашылып, шағын және орта бизнесте қамтылғандар саны 4,5 млн адамға жетті. Бұл жайында Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарында Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Ол тұрғындармен кездесіп, президент жолдауының басым бағыттарын талқыға салды. Әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларға тоқталды.
Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы:
– Ұлы мемлекеттер қарапайым құндылықтарға сүйеніп қалыптасады. Олар – еңбек, адалдық және тәртіп. Дәл осы құндылықтар оларды әлемдік көшбасшылар қатарына қосты. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Қазақстанды да осындай елдердің қатарынан көреді. Сондықтан Президент «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» секілді құндылықтарды осы биік мақсатқа бастайтын берік негіз ретінде дәйекті түрде орнықтырып, барлығымыздың санамызға сіңіріп келе жатыр.
Тегтер #24KZ #жетістіктер #Ақмола облысы #Ерлан Қошанов #ҚХК #жолдау 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz