RU
Толық нұсқаға өту

Елде 20 инклюзивті мектеп ашылады

03.11.2026, 13:50 42

Еліміздің әр өңірінде инклюзивті білім беруге арналған 20 мектеп ашылады. Әрқайсысы мың оқушыға шақталған, деп хабарлайды 24KZ.

Білім ордаларында сабақ берумен қатар, балаларды оңалтумен қатар сауықтыруға арналған кабинеттер жұмыс істейді. Жоба Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген міндеттерін орындау аясында қолға алынған. Бүгінде елде ерекше білім беру қажеттілігі бар 237 мыңнан астам бала бар. Оларға 541 арнайы білім беру ұйымы қызмет көрсетеді.

Бекзат Төреқұлова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті директорының м.а:

– Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашу нормативін қайта қарау көзделіп отыр. Қазір бір консультация 50 мың балаға есептелген. Бұл көрсеткішті 40 мың балаға дейін төмендету ұсынылуда. Бұл өңірлердегі консультациялар желісін кеңейтіп, балалар мен ата-аналар үшін мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz