Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту, денсаулық сақтау мен экология мәселелеріне жете мән берілгені белгілі, деп хабарлайды 24KZ.
Оны Атырау жұртшылығы да қолдап, өз пікірлерін қосуда. Бүгін өңірге іс-сапармен келген Құрылтай депутаттары аймақтың ғылыми интеллигенция өкілдерімен, жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушы құрамымен және студенттермен кездесті. Басқосу барысында Жолдаудан туындайтын міндеттер мен оны жүзеге асыру жолдары талқыланды. Депутаттар жиналғандардың сауалдарына жауап берді. Оның ішінде Каспий теңізінің жай-күйі, өндірісті өңірдегі су тапшылығы, шағын және орта бизнесті қолдау секілді өзекті мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.
Назарбек Қосшиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:
– Атырау өңірінің тұрғындары үшін ең маңызды мәселе - суды дәл бүгіннен бастап үнемдеу мәселесі. Ол үшін біз кәсіпкерлік нысандарында, қоғамдық тамақтандыру орындары болсын, соның бәрін де суды қайта өңдеу технологиясын кешіктірмей, енгізуіміз керек.
Арман Хайруллин, ҚР Құрылтайының депутаты:
– Микро бизнесті, орта бизнесті аяққа тұрғызуға офтейк контрактілерді жасауға осы ертең үлкен құрылыстың барысында оған тек шикізат емес, дайын өнім беруде үлкен ынталандырғыш фактор болады деп есептеймін. Мультипликативті эффект болады. Жаңа өндірістер түлей бастайды және де халқымызды жұмыспен қамту үшін бұл - керемет мүмкіндік. 100 мыңнан астам жұмыс орындары пайда болуы керек.
Тегтер #24KZ #жолдау 2026 #Құрылтай депутаттары #өзекті мәселелер #Атырау #ҚХКPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz