RU
Толық нұсқаға өту

Қонаевта Жолдауды талқылау барысында білім беру мәселелері көтерілді

03.11.2026, 15:15 73

Алматы облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 26 мектеп салынды. Нәтижесінде үш ауысыммен оқытатын мектеп саны едәуір азайып, білім сапасы артты, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Одан бөлек, мұғалімнің мәртебесін биіктетіп, еңбегін ұлықтау шаралары жүйелі жүргізілмек. Қонаевта Президент Жолдауын түсіндіру бойынша өткен жиында білім беру саласындағы мәселелер көтерілді. Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері мен Қаржы вице-министрі қатысты. Депутаттардың айтуынша, келесі жылдан бастап жүзеге асатын «Халықтық құрылыс» жобасы аясында өңірде әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектеп пен балабақшалар салынады.

Ләззат Жылқыбаева, ҚР Құрылтай депутаты:

– Тек 2025 жылы 18 мектеп салынды, оның ішінде 17-сі – «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген нысандар. Дегенмен, үш ауысымда оқытатын және күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің әлі де сақталуы облыста мектеп орындарының тапшылығы бар екенін көрсетеді. Сондықтан Президент айтып отырған «Халықтық құрылыс» жобасы келесі жылдан бастап қарқынды жүзеге асырыла бастағанда, бұл бастама Алматы облысында да жаңа мектептердің салынуына ықпал етеді деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz