RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде Президент Жолдауындағы міндеттер талқыланды

03.11.2026, 15:25 52

Жаңа жобаларды іске асыруға білікті инженерлер мен заманауи технологияларды меңгерген мамандар қажет, деп хабарлайды 24KZ.

Ақтөбеде жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері Президент Жолдауында жүктелген міндеттерді талқылады. Кездесуде Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан энергетиканың ел экономикасы үшін маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Жолдау жүктеген міндеттерді орындауға қабілетті мамандарды даярлауға басымдық берілуі тиіс. Ал Құрылтай депутаты Лаура Қарабасова білім сапасын арттырып, жастардың қабілетін дамытуға көңіл бөлу керегін айтты. Сондай-ақ отандық ғалымдардың зерттеулері мен жаңалықтарын өндірісте қолданып, ел экономикасын дамытуға бағыттау қажет екенін жеткізді.

Нарқозы Қартжан, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры:

– Қазір өңірге қажетті, нарыққа қажетті мамандықтардың гранттарына басымдық беріп жатыр. Сонымен қатар ғылыми жобалар өте жақсы қаржыландыру алып жатыр. Ғылыми жобаларды жүзеге асыру арқылы осы жергілікті мәселелерді осы ғылыми тұрғыдан өздерінің ұсыныстарын, шешімдерін, нәтижелерін көрсетіп, жүзеге асып жатыр. Мінекей, осындай үлкен мінберлерде айтылған қолдаулар өңірлерде нақты-нақты осындай жобалар арқылы көрініс тауып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz