Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз, – делінген құттықтау хатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.
Тегтер #24KZ #Таңдаулы #Қасым–Жомарт Тоқаев #Болгария #құттықтау жеделхатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz