RU
Толық нұсқаға өту

Астанада 150-ге жуық жас Жолдау міндеттерін талқылады

03.11.2026, 23:58 42

Астанада 150-ге жуық жас «Әділет» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған «Bir Tolqynda» диалог алаңына қатысты. Басқосуда Президент Жолдауында белгіленген міндеттер талқыланды, деп хабарлайды 24KZ.

Атап айтқанда, білім сапасы, еңбек нарығы, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту мәселелері көтерілді. Құрылтай депутаттары мен партия өкілдері жастардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Айта кетейік, осындай кездесулер еліміздің 20 өңірінде ұйымдастырылды.

Ақерке Искандерова, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі:

- Бүгін «Әділет» партиясы орталық аппаратында түрлі санаттағы жастармен, студенттермен осы Жолдауды түсіндіру бойынша кездесу өтті. Енді бұл Жолдау тікелей жастарға байланысты болғаннан кейін олардың осы процестерге қазірден бастап араласуы өте маңызды. Сондықтан жастардың сұрақтарына жауап берілді және олардың ойлары тыңдалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz