RU
Толық нұсқаға өту

Жолдау-2026: үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі

04.11.2026, 17:40 46

Алматы облысының Іле ауданында үш жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Келесі жылы «Келешек мектептері» жобасы аясында тағы 5 білім ошағын салу жоспарланған, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл өңірдегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Аудан тұрғындарымен кездесуде Құрылтай депутаттары білім саласындағы түйткілді мәселелерді талқылады. Жиында Президент Жолдауында айтылған «Халықтық құрылыс» бастамасының маңызы да сөз болды. Депутаттардың айтуынша, жоба әлеуметтік нысандар салуға серпін беріп, халық тығыз қоныстанған аудандар мәселесін шешуге ықпал етеді.

Жанарбек Әшімжан, Құрылтай депутаты:

– Халыққа ең керегі – сапалы білім, қолжетімді медициналық қызмет, жақсы жолдар, таза ауызсу және заманауи инфрақұрылым. Ауруханалар мен басқа да әлеуметтік нысандардың салынуы да маңызды. Мемлекет басшысының кешегі Жолдауында айтылған осы басым бағыттардың барлығын Іле ауданының тұрғындары жылы қабылдап, үлкен сенім артып отыр. Алматы облысындағы Іле ауданы – өңірдегі ірі әрі экономикалық әлеуеті жоғары аудандардың бірі. Сондықтан аудан халқы Жолдауда белгіленген басым бағыттардан үлкен үміт күтіп, олардың жүзеге асатынына сеніммен қарап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz