RU
Толық нұсқаға өту

Alatau City-ге Британ капиталы тартылады

04.11.2026, 17:50 41

Қазақстан мен Ұлыбритания инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Лондонда Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған делегация Британия үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Лорд Стюарт Вудпен екі елдің стратегиялық әріптестігін дамыту мәселесі талқыланып, Standard Chartered банкінің басшылығымен капитал тарту тетіктері туралы әңгіме өрбіді. Басты назар Британ экспорттық-кредиттік агенттігімен өткен келіссөзге аударылды. Тараптар Alatau City-дің энергетикалық, көлік және коммуналдық жобаларын экспорттық кредиттер мен мемлекеттік кепілдіктер арқылы қаржыландыру мүмкіндігін қарастырды. Қазақстан Британия инженерлік компанияларымен жүзеге асыруға болатын жобалардың тізбесін құруды ұсынды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Біз қаланың болашақ құрылымы мен ұзақ мерзімді даму жоспарын таныстырдық. Осы жоспарды әзірлеуге атсалысып жатқан серіктестеріміз де өз ұсыныстары мен көзқарастарын ортаға салды.

Alatau City-де британиялық жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу көзделіп отыр. Лондонда вице-премьер Қанат Бозымбаев пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Brighton колледжі, Exeter университеті және Оксфордтағы Magdalen колледж мектебінің өкілдерімен келіссөз жүргізді. Халықаралық деңгейдегі мектеп ашу, британиялық білім беру бағдарламаларын енгізу және педагогтарды бірлесіп даярлау мүмкіндігі талқыланды.

Ричард Салданья, Оксфордтағы модлин колледж мектебінің басқарушы кеңесінің мүшесі:

– Alatau City – болашағы зор жоба. Бізге ол қалада өз мектебімізді ашуға еш кедергі көріп тұрған жоқпыз. Британ білім беру жүйесі қазақстандық балалар арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдімін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz