Құрылтай Президент айқындаған ұлттық жаңғыру бағдарламасын заңнамалық тұрғыда ілгерілетуге күш салады, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгін Депутат Айдос Сарым Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша осындай үндеу жасады. Ол құжатта қамтылған маңызды бастамалар қоғам тарапынан үлкен қолдау тапқанына тоқталып, мемлекет өркендеуі үшін бірігуге шақырды. Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бұл үндеу барлық фракция депутаттарының ортақ ұстанымы екенін айтып, әріптестерін Президент бағдарын қолдауға шақырды.
Айдос Сарым, Құрылтай депутаты:
– Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – жаңа жоспарларымыз бен іс-қимылымыздың доктринасы. Жолдауда алдымызға тарихи міндет қойылып отыр. Ол – бүкіл экономикалық капиталды инфрақұрылымды түбегейлі жаңартуға, әлеуметтік саланы сапалы дамытуға және қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге жұмылдыру. Игі бастаманың өзегінде адам мен оның құқығы, қадір-қасиеті және ертеңгі күнге деген сенімі тұр. Президент 2027 жылды жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Осы бастаманың аясында бүкіл ел бойынша инженерлік, жол-көлік, медициналық және мәдени нысандар бой көтереді.
Тегтер #24KZ #жолдау 2026 #Айдос Сарым #Мемлекет басшысы #Құрылтай отырысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz