RU
Толық нұсқаға өту

«Самұрық-Қазына» қоры 69 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр

04.11.2026, 19:15 42

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысында құрылыс жұмыстары мен нысандарды уақытылы іске қосуды қатаң бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды 24KZ.

Үкімет басшысы бірқатар жобаның мерзімінен кешігуіне байланысты қор басшылығын сынға алды. Түркістан, Қызылорда, Алматы және Екібастұздағы жаңа электр қуатын өндіретін нысандар мен газ өңдеу зауыттарын іске қосуға ерекше назар аударылды. Қазір қор жалпы құны 44 трлн теңгеге жуық 69 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның 44-інде құрылыс басталды. Маңызды жобалардың қатарында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы талшықты-оптикалық байланыс желісі, Дарбаза – Мақтаарал теміржолы және 3 млрд юань көлемінде облигация орналастыру бар. Алдағы екі жылда Астана, Түркістан және Петропавлда ірі медициналық мекемелер пайдалануға беріледі. Инклюзивті спорт, оңалту, білім беру және мәдениет нысандары салынады. Тоғыз айда қазақстандық өндірушілерден сатып алынған тауарлар мен қызметтердің құны 1,4 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғыдан 45 пайызға көп. Осы кезеңде қордың кірісі 13 пайызға, ал таза пайдасы 19 пайызға өсті. Қор басшылығы негізгі өндірістік көрсеткіштер бойынша жоспар толық орындалғанын мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz