Қарағанды облысының Саран қаласындағы зауытта жылына 3,5 млн көлік шинасы шығарылады. Кәсіпорында жеңіл және жүк көлігіне арналған шина құятын заманауи желілер іске қосылған, деп хабарлайды 24KZ.
Зауыт толық цифрлық технологиямен жабдықталды. Өндіріс орнына келген Құрылтай депутаттары еңбек ұжымына Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Жолдауда өнеркәсіпті дамыту мен экономиканы технологиялық жаңғырту мәселелеріне басымдық берілген.
Айсұлу Сүлейменова, Құрылтай депутаты:
– Президентіміз елімізге нақты мәселе қойды. Ол – шын мәнінде халықтық цифрлық экономика құру. Ол дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда, жаңа технологияларды халықтың игілігіне пайдалану. Бұл экономикаға өте ауқымды әсер етеді деп ойлаймын.
Тегтер #24KZ #жолдау 2026 #Қарағанды облысы #кәсіпорынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz