RU
Толық нұсқаға өту

Ақордада Иордания Королі II Абдалланы қарсы алу рәсімі өтті

05.11.2026, 17:38 43

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті.

Мәртебелі мейманның құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Иорданияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті. Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король II Абдалла бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz