RU
Толық нұсқаға өту

Вице-Президент азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

05.11.2026, 20:00 34

Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына 255 адамды Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізіледі. Сондай-ақ кеңес мүшелері 43 адамның азаматтықтан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынбақ. Вице-Президенттің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр. Атап айтқанда, кейінгі 8 жылда Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтініштер саны шамамен 40 есеге жуық азайған. Бұдан бөлек Ерлан Қарин қазақ төлқұжатының беделі артып келе жатқандығын айрықша айтты. Түрлі индекстердің деректеріне сәйкес, Қазақстан төлқұжаты өңірде ең таңдаулы саналады. Азаматтарымыз әлемнің 80-ге жуық еліне визасыз қатынай алады, деді Ерлан Қарин. Сонымен қатар Қазақстан азаматтығы шетелдің ІТ, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, инвесторлар, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері үшін тартымды бола түсуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz