RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Ақаба процесі: Орталық Азия елдері қауіпсіздік мәселесін талқылайды

06.11.2026, 12:28 15

Терроризм мен экстремизмді ұйымдастырушылар бір елде орналасып, басқа мемлекетте қаржыландырылуы мүмкін. Ал олардың әрекеті интернет арқылы бірнеше елге таралады. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттері қауіпсіздік саласында бірлесіп жұмыс істеуі керек. Бұл туралы саяси ғылымдар кандидаты Бақтияр Өнербаев 24KZ телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Сарапшының пікірінше, Астанада өтіп жатқан Ақаба процесі саммитінің негізгі мақсаты – терроризм мен экстремизмнің алдын алу және өңір елдерінің қауіпсіздік органдары арасындағы байланысты нығайту.

Терроризм мен экстремизмді ұйымдастыратын ұйымдар бір елде болуы мүмкін, оны қаржыландыратын ұйымдар басқа мемлекетте отыруы мүмкін. Ал интернет кеңістігін пайдаланып, бүкіл әлемге таратады. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттері қауіпсіздік мәселесінде бірлесіп жұмыс істеуі керек, - деді Бақтияр Өнербаев.

Сарапшының айтуынша, бұл бағытта мемлекеттер арасында тәжірибе алмасып, қауіпсіздік органдарының бірлескен жұмысын жолға қою маңызды. Сондай-ақ интернеттегі радикалды идеологияның таралуына тосқауыл қою қажет.

Ақаба процесін 2015 жылы Иордания королі II Абдалла бастамашылық еткен. 6 қарашада Астанада осы форматтағы Орталық Азиядағы алғашқы саммит өтіп жатыр. Жиында терроризм мен экстремизмнің алдын алу, өңірлік қауіпсіздік және жасанды интеллектіні теріс мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралуда.

Бақтияр Өнербаев саммиттің нәтижесі нақты шешімдер мен олардың орындалуына байланысты екенін атап өтті.

Саммитте жай ғана жақсы сөйлеп, жақсы мәлімдеме жасау жеткіліксіз. Ең бастысы – қабылданған шешімдердің ертең өмірде қандай нәтиже беретіні. Ол – мемлекеттің қауіпсіздігі және азаматтардың тыныш қоғамда өмір сүруі, - деді сарапшы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz