RU
Толық нұсқаға өту

Үкіметте «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» құрылысы талқыланды

06.11.2026, 15:15 55

Павлодар облысында салынып жатқан «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» қазақстандық экспортқа елеулі серпін бере алады, деп хабарлайды 24KZ.

KPMG халықаралық агенттігінің айтуынша, ірі технологиялық жобаның алдағы уақытта жыл сайынғы экспорттық кірісі 3 млрд доллардан асуы мүмкін. Бұдан бөлек, деректер орталықтарының 20 жылға есептелген қызмет ету мерзімінде елге құйылатын инвестиция 115 млрд долларға бағаланып отыр. Бұл туралы жобаны жүзеге асыру барысы туралы кеңесте айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген жиында құрылыс барысы, жобаны кеңейту мен инвестиция тарту мәселесі талқыланды. Жобаның бірінші кезеңінде жалпы қуаты 304 мегават болатын үш деректерді өңдеу орталығын құру қарастырылған. Бірінші орталықты келер жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Премьер-министр экономикалық маңызды жобаны белгіленген мерзімде іске қосуды тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz