Елде кадр даярлаудың сапасын арттырып, жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету қажет, деп хабарлайды 24KZ.
Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері Семейдегі колледждердің ұжымымен және студенттерімен кездесуде осылай деді. Жиында Жолдаудың негізгі бағыттарын жүзеге асырудың нақты қадамы талқыланды. Әсіресе ұстаздардың мәртебесін күшейтуге баса мән берілді.
Айрат Базенов, ҚР Құрылтайының депутаты:
– Әлі де педагог мәртебесін біздің мамандық иелері үшін ерекше қорғауды Президент тарапынан көрсетілген үлкен қолдау деп есептеймін. Өйткені педагог тек білім беруші ғана емес, ол мемлекеттің негізін қалайтын балаларды тәрбиелеп, дайындайды. Президент Жолдауда атап өткендей, елімізде 7 млн бала бар. Халықтың үштен бір бөлігі – балалар.
Нұртай Сабильянов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:
– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім саласын дамытуға ерекше мән берді. Білім саласын дамыту үшін мұғалімдердің жағдайын жақсартуымыз қажет. Мұғалім жағдайын жақсартуға, абырой-беделін арттыруға, оларға қолдауға байланысты бірқатар тапсырма берді. Осы бағытта жұмыстар жүргізілетін болады.
Тегтер #24KZ #Семей #жолдау 2026 #Жастар саясаты #білім беру #Қазақстан Халық КеңесіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz