Бұл туралы Кеңес төрағасы Ерлан Қошанов Петропавл қаласындағы кездесуде мәлімдеді. Жаңа қозғалыстың құрамына барлық аймақтан 126 жас қосылады, деп хабарлайды 24KZ.
Осылайша, Кеңестің әр мүшесі өзінің жас серіктесімен «кері тәлімгерлік» қағидаты бойынша байланыс орната алады. Ортақ жұмыс арқылы жастарды қолдау, олардың кәсіби білім алуына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу көзделген. Республикалық жастар лагерінде өткен жиында президенттік реформалардың маңызы мен жас буынның мемлекеттік жобаларға белсене қатысу мәселелері талқыланды. Халық Кеңесінің мүшелері өңірдегі қоғам өкілдерімен кездесті. Аймақтың ғылыми-білім беру инфрақұрылымы мен Тайынша қаласындағы жаңа IT-орталықтың жұмысымен танысты.
Тегтер #24KZ #Қазақстан Халық Кеңесі #жастар қозғалысы #Ерлан Қошанов #ПетропавлPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz