RU
Толық нұсқаға өту

Президент: әрбір жеңіс – нағыз патриотизмнің айқын көрінісі

09.11.2026, 15:01 50

Президент Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Ұлттық құраманың табанды еңбегінің арқасында Азиада төрінде рухты Әнұран шырқалып, көк Ту биікте желбіреді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүзден жүйрік шыққан спортшылардың жеңісі – мемлекет үшін шын мәнінде үлкен жетістік және зор мақтаныш, - деп атап өтті. Өйткені құрлықтың ең мықтылары қатысқан дүбірлі дода кезінде ел намысын қорғады. Сондай-ақ ел қоржынына қосылған әр медаль азаматтарға, әсіресе жас буынға үлкен шабыт сыйлап, күшті болу үшін жетелейді, - деді.

Салтанатты жиын соңында Президент Азия ойындарында және Азия параойындарында көрсеткен жетістіктері үшін бір топ спортшыға мемлекеттік марапаттар табыстады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz