«Ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып». Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы осылай деді, деп хабарлайды 24KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда дүние жүзінде тіл өзекті мәселеге айналғанына назар салды. Президент «Қазақ тілі» қоғамының – мемлекеттік тілдің тұғырын нығайтудағы маңызды құрылым» екенін айтып, осы қоғамның әр мүшесіне ризашылығын білдірді. «Ана тіліміз – қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін бір ел болып табанды жұмыс істеуіміз керек. Бүгінгі жиынның басты мақсат-міндеті де – осы», – деді Президент.
Тегтер #24KZ #қазақ тілі #мемлекеттік тіл #Қасым–Жомарт Тоқаев #Х құрылтай #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz