RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді

10.11.2026, 13:10 46

Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді. Мұны да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының жиынында айтты, деп хабарлайды 24KZ.

Мемлекет басшысының сөзінше, қазақ тілі Тәуелсіздігіміздің мызғымас символы, Отанымыздың мемлекеттік тілі, ұлтымыздың мәңгілік жаны ретінде қабылдануы қажет. Басқа көзқарастың болуы мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне сыйластықпен қарау бұл – азаматтық, адами борыш. Ал парыз қаншама қастерлі болса да, оның мықты негізі болуы керек. Сондықтан біз экономикасы дамыған, инновациясы мен технологиясы үздік, өркениетті, мықты мемлекет болсақ, қазақ тілі де қуатты тіл болатыны анық. Бүгінде балабақшалар мен мектептерде балалардың басым бөлігі қазақ тілінде тәлім-тәрбие алып жатыр. Биыл мектепке барған оқушылардың 71 пайызы қазақ сыныптарына қабылданды.

«Қазақ тілі барлық салада, соның ішінде креативті индустрия саласында кең қолданыс табуда. Ана тілімізде жарық көрген кітаптардың, әндердің, фильмдердің нарықтағы үлесі ұлғая түсті. Мысалы, былтыр баспадан шыққан 6 мыңнан астам кітаптың 70 пайызы қазақ тілінде басылды. Ал биыл Қазақстанда түсірілген 71 фильмнің 63-і ана тілімізде жарыққа шықты. Айтылған деректердің бәрі жұртымыздың арасында қазақ тіліне үлкен сұраныс тудырды. Бұл – өте қуанышты жайт, жақсы үрдіс. Осындай жұмысты күшейте беруіміз керек», – Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz