RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Ана тілімізді басқа тілдерге қарсы қоюға мүлдем болмайды

10.11.2026, 15:00 49

Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә. Оның салдарын өз көзімізбен көріп жатырмыз, деп хабарлайды 24KZ.

Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес», - деді. Ал кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей екенін айтты. Сондай-ақ Президент қазақ тілін ең алдымен бірлік пен ынтымақ тілі ретінде дамытуымыз керек дейді. Ана тіліміз жаһан жұртшылығына тартымды тіл болуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Дегенмен мына нәрсені есте ұстаған абзал: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес. Басқаша айтқанда, ана тілімізді басқа тілдерге қарсы қоюға мүлдем болмайды. Тілдерді пайдаланып, қоғамдық жанталас, жанжал жасағысы келетін арандатушылар өте қауіпті істермен айналысып жүр. Сондықтан оларды «Заң мен тәртіп» қағидасына сәйкес жауапкершілікке тарту керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz