Жұмсақ күшпен жұмыр жерді мойындатып жүр. Президент елдің нағыз дарын иелерін ерекше атап өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Олар қазақтың мәдениетін, руханиятын, зияткерлік қуатын жан-жақты дәріптеп, ана тілдің аясын кеңейтуге үлес қосып келеді. Иә, біздің тіл – мәдениет, өнер, әдебиет пен тарихтың тілі. Бірақ технократтық заманда қазақ тілі – ғылым мен техника тілі ретінде де дәуірлеуі керек. Бұған ұлттық экономиканың ұпайы түгел болса ғана жетеміз.
Анар Фазылжанова, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры:
– Ұлттың экономикасы дамығанда сол ұлттың тілі онымен бірге қоса дамитындығы туралы, керісінше тіл дамығанда өзінің соңынан экономиканы жетектей жүретіні туралы лингвоэкономика деген ғылым саласында зерттеулер бар. Президенттің сөздері дәйекті. Сондықтан еліміздің сан саласын цифрландыру тұрғысынан қазір және бұрын-соңды болмаған елдегі жаңа экономикалық бағыттарды дамыту туралы Президентіміздің реформалары ұлттық тілдің де, мемлекеттік тілдің де дамуына септігін тигізетіні анық.
Тегтер #24KZ #қазақ тілі #ғылым #технология #Қасым–Жомарт ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz