RU
Толық нұсқаға өту

Парижде Президент Жолдауы таныстырылды

10.11.2026, 15:20 45

Парижде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында белгіленген ел дамуының жаңа бағыттары талқыланды, деп хабарлайды 24KZ.

Қазақстанның Франциядағы елшілігі ұйымдастырған кездесуге осы елдің мемлекеттік мекемелері, бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Жиында елші Гүлсара Арыстанқұлова Қазақстанның алдағы жылдарға арналған жоспарын таныстырып, экономиканы жаңғыртуға бағытталған бастамаларға тоқталды. Соның ішінде өнеркәсіп пен энергетиканы дамыту, халықаралық көлік бағыттарын кеңейту, шетелдік инвестиция тарту және цифрландыру мәселелеріне баса назар аударды. Сарапшылар ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуы, су қорын тиімді пайдалану және Қазақстанның Орталық Азиядағы орнын кеңінен талқылады. Еліміздің жасанды интеллект пен жаңартылатын энергия көздерін дамытудағы қадамдары да француз мамандарының қызығушылығын тудырды.

Жан-Батист Жиро, экономикалық шолушы:

– Мені әрдайым таңғалдыратыны – Қазақстанның болашаққа көз жүгіртіп, экономикалық өсудің жаңа бағыттарын алдын ала болжай алуы. Мәселен, жасанды интеллектінің әлеуетін алдын ала түсініп, қолға алу. Францияда жасанды интеллектінің дамуы көбіне жұмыс орындарын жоятын үлкен қауіп ретінде көрсетіледі. Ал Қазақстан оны жаңа мүмкіндік деп қабылдайды. Осы орайда Қазақстанның Еуразияның ортасында орналасқанын, мол энергетикалық ресурстарға ие екенін және тек тауарларды ғана емес, цифрлық қызметтерді де тасымалдауға мүмкіндігі бар екенін атап өткім келеді.

Ален Корвез, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы:

– Менің ойымша, Қазақстанның саясаты Францияның генерал де Голль тұсындағы ешбір блокқа қосылмау ұстанымымен үндеседі. Қазақстан өз егемендігі мен тәуелсіздігінің, сондай-ақ шекара қауіпсіздігінің құрметтелуін талап етеді. Президенттің халыққа Жолдауында да жаһандық тұрақсыздық жағдайында ел егемендігін одан әрі нығайту және ішкі тұрақтылықты сақтау міндетіне ерекше мән берілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz