RU
Толық нұсқаға өту

Климаттық инвестицияға арналған жоба іске қосылды

10.11.2026, 22:10 51

Қазақстан әділетті энергетикалық көшуге арналған QаJet платформасын іске қосты. Ұлттық жоба Анталияда өтіп жатқан СОР-31 халықаралық конференциясы аясында таныстырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Бастама еліміздің энергетика, экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі қол қойған ынтымақтастық меморандумы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл тетік еліміздің климаттық инвестиция тарту жөніндегі бірыңғай ұлттық платформасы негізінде әзірленген. Ол климаттық жобаларды қаржыландыруға ішкі және шетелдік капитал тартуды көздейді. Соның аясында 2035 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің қуатын 10 гигаватқа жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ электр желілерін жаңғырту мен энергия сақтау жүйелерін дамытуға басымдық берілмек.

Хүсейін Өзхан, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия мен Моңғолия бойынша басқарушы директоры:

– Еуропалық қайта құру және даму банкі халықаралық қаржы институттарының, грант берушілер мен басқа да серіктестердің жұмысын үйлестіруге қолдау көрсетеді. Қазақстан қазба отын қорына бай мемлекет болғандықтан, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергетика саласын көмірқышқыл газынан арылту ерекше маңызға ие. Бұл платформа жаңартылатын энергия жобаларын іске қосуға ықпал етеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz