RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда баламалы энергетиканы қолдау кеңейтіледі

11.11.2026, 13:33 27

Қазақстанда баламалы энергетиканы дамытуға қатысты заңнама жаңартылмақ.

Құрылтай электр энергиясын жинақтаудың жаңа тәртібін енгізуді және баламалы энергия көздерін қолдауды көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат күн және жел электр станцияларымен қатар сутегі және атом энергетикасы, қалдықтардан энергия өндіруді және өндіріс барысында бөлінетін артық жылуды пайдалануды дамытуға жол ашады. Электр энергиясын жинақтау жүйелеріне де ерекше көңіл бөлінбек. Бұл технологиялар өндірілген артық электр қуатын сақтап, сұраныс артқан кезде пайдалануға мүмкіндік береді. Өзгерістер елдің энергия ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал етеді деп күтілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz