«Әділет» партиясы Әйелдер қанаты Мемлекет басшысының жолдауында белгіленген міндеттердің жүзеге асырылу барысын талқылады.
Алқалы жиында цифрлық технологияларды дамытуға, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге, білім алуға тең жағдай қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Цифрлық экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы өрістетудің негізгі тетіктері пысықталды. Сөз алған Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлеймен әсіресе ауылдағы ағайынға қолдау шараларын белсенді атқару қажеттігін айтты. Халық қалаулысының сөзінше, ауылдық жерлерде тұратын әйелдердің цифрлық және кәсіпкерлік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау маңызды.
Тегтер #Әділет партиясы #жолдау 2026 #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz