RU
Толық нұсқаға өту
@qazavtojol

Қазақстан халықаралық жүк тасымалын цифрландырады

11.11.2026, 15:05 31

Қазақстанда халықаралық жүк тасымалында электрондық жүкқұжаттарды қолдану енгізілуде, деп хабарлайды «24KZ».

Құрылтай «Жүктерді халықаралық жолмен тасымалдау шарты туралы конвенцияға электрондық жүкқұжатқа қатысты қосымша хаттаманы» да ратификациялады. Құжат 2008 жылғы 20 ақпанда Женева қаласында қабылданған.

Қосымша хаттама деректерді электрондық тіркеу және өңдеу технологияларын пайдалана отырып, жүкқұжаттарды электрондық форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл халықаралық жүк тасымалы саласын цифрлық құжат айналымына көшіруге жол ашады.

Қазақстанның Қосымша хаттамаға қосылуы отандық және шетелдік тасымалдаушылардың жұмыс шарттарын біріздендіруге бағытталған.

Құжатты ратификациялау экономиканы цифрлық трансформациялаудың бір бөлігі ретінде халықаралық автомобиль тасымалдарын цифрландыруды жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қалыптасып келе жатқан еуразиялық көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін арттырып, әртүрлі көлік түрлерінің өзара іс-қимылын жеңілдетуге ықпал етеді. Бұдан бөлек, электрондық жүкқұжаттарды қолдану бақылау рәсімдеріне жұмсалатын уақыт пен еңбек көлемін қысқартуға, құжаттарды басып шығару, өңдеу және архивтеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде автокөлік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz