RU
Толық нұсқаға өту

Оралда Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

11.11.2026, 15:34 20

Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында Оралда көпір мен емхана бой көтереді.

Құрылтай депутаты Снежанна Имашева қаладағы еңбек ұжымдарымен кездесіп, Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыру жайын талқылады. Бүгінде электр желілері мен автокөлік жолдарының жайы өңір үшін өзекті мәселелердің бірі. Сөз алғандар жалпыхалықтық құрылысқа бақылау орнату қажеттігіне де тоқталды.

Снежанна Имашева, Құрылтай депутаты:

- Тағы бір мәселе біздің елге өте жақын. Ол жолдар мәселесін Президент айқындады. Бүкіл жолдарға бір мемлекеттік орган жауапты болсын деді. Себебі қазір мемлекеттік органдардың функциясы бытыраңқы. Кейбірі әкімдік деңгейінде, кейбірі «ҚазАвтоЖол» деңгейінде. Сондықтан министрліктің басшылығы ауысты, функциялары қайтадан бөлінеді. Оның барлығының нәтижесі ертең біздер жүргенде жолдарымыз сапалы, тегіс болуына әкелуі керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz