Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Кремльге барды. Кезекті сессияда бес мемлекеттің басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің күрмеулі мәселелерін көтереді, деп хабарлайды 24KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы ең ірі ортағасырлық бекініс кешені саналатын Кремельге келді. Мұнда Ресей Федерациясының төрағалығымен ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Шара барысында бес мемлекеттің басшылары өңірлік қауіпсіздіктің күрмеулі мәселелерін көтереді. Артынша кеңейтілген құрамдағы жиында Эмомали Рахмон Тәжікстанның 2027 жылғы ұйымға төрағалығының басымдықтарын таныстырады. Күн тәртібінде 22 мәселені қаузап, 17 құжатқа қол қою жоспарланған. Саммиттің басты саяси құжаты Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясы болмақ. Сондай-ақ сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді көздейтін құжаттар да енгізілген. Мәселен, жиында ұйымның 2030 жылға дейінгі Терроризмге қарсы стратегиясын және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты нығайту туралы мәлімдеме қабылданбақ. Саммитте Ұйымның Ұжымдық авиациялық күштерін дамыту және Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың мобильді бөлімшелерін қалыптастыру тәртібі туралы шешімдер де шығарылады.
Тегтер #ҰҚШҰ саммиті #Тоқаев #Мәскеу #Эмомали Рахмон #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz