Үкімет басшысы Олжас Бектенов Түркияда БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы конвенцияға қосылушы тараптардың 31-ші конференциясы жұмысына қатысты, деп хабарлайды 24KZ.
Мұнда тұрақты даму және климаттың өзгеруі саласындағы жаһандық ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы жалпыұлттық қозғалысқа айналып, тіпті Конституцияда тиісті түрде бекітілгенін атап өтті. Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған перспективалы жобалардың қатарында төмен көміртекті қала құруды көздейтін Alatau City жобасы таныстырылды. Премьер-министр Қазақстанның климат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын растады. Конференция аясында Олжас Бектенов Қазақстанның ұлттық павильонына да барды. Көрме кеңістігінің тұжырымдамасы еліміздің табиғи мұрасын, заманауи экологиялық жобалар мен болашақ технологияларын біріктіреді. Тұран жолбарыстарының бейнесіндегі Үміт пен Амур атты интерактивті жасанды интеллект гидтері павильонның басты элементтерінің бірі болды. Сондай-ақ орман алқаптарын қалпына келтіру, метан қалдықтарын азайту және Каспий теңізі арқылы Еуропаға «жасыл» энергетика дәлізін құру жобалары ұсынылды. Жалпы конференцияда жаңартылатын энергияны дамыту және газ инфрақұрылымын жаңғырту, қоршаған ортаны қорғау бойынша құжаттарға қол қойылды.
Мақсат Тоғайбеков, «KazRez» ЖШС директорының орынбасары:
– «KazRez» компаниясы Қазақстанда ескі шиналарды өңдеп, одан құрылысқа, өнеркәсіпке және жол саласына өнімдер шығарады. 2027 жылы жаңа желілер іске қосылғанда жылына 36 мың тонна резеңке үгіндісі мен 8 млн шаршы метр гидроизоляция шығару жоспарымызда. «KazRez» компаниясына ескі шина – қалдық емес, ресурс ретінде қолданылатын зат.
Тегтер #24KZ #Alatau city #Анталия #Түркия #Олжас Бектенов #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz