«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда жариялаған жолдауын тиімді іске асыру елдің жетістіктерін еселеп, беделін нығайтады. Саяси-экономикалық тұрғыда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады». Біріккен Араб Әмірліктеріндегі беделді сарапшылар тобы Абу-Дабиде өткен дөңгелек үстелде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды 24KZ.
«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деген атпен ұйымдастырылған жиынға жергілікті мемлекеттік орган жетекшілері, талдау, ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан елшісі Рауан Жұмабек Жолдау жүктеген міндеттерді кеңінен таныстырды. Әсіресе цифрлық трансформация, жасанды интеллект технологияларын енгізу, инфрақұрылымды жаңғырту және инвестициялық әлеуетті арттыру мәселелеріне тоқталды. Қатысушылар Президент бастамалары Әмірлікпен стратегиялық әріптестікті тереңдетуге ықпал ететініне сенімді.
Иссам Фараг әл-Нажди, «Skywing Real Estate Development» компаниясының бас директоры:
– Дөңгелек үстел кезінде Қазақстан Президентінің Жолдауы мен жаңа Конституциядағы өзгерістер жайында көп әңгіме өрбіді. Басым деген бағыттарға бірлесіп талдау жасадық. Қазақ халқын саяси және экономикалық тұрғыда жарқын болашақ күтіп тұр деп ойлаймын. Мені ерекше қызықтыратын жайт – инвестициялық ахуал. Бұл жағынан да Қазақстанның өз бизнесі мен Әмірлік кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашылып, жайлы жағдай жасалып жатыр.
Тегтер #жолдау 2026 #Әмірлік #президент #Қасым Жомарт ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz