RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев көлік-логистика саласындағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізеді

12.11.2026, 20:02 37

13 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Жиында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және елдегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz