RU
Толық нұсқаға өту

Биыл сыбайлас жемқорлыққа қатысты 751 құқықбұзушылық анықталды

13.11.2026, 17:15 30

Елде кейінгі үш жылда 3 168 сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Оның 2 165 мемлекеттік қызметшілер жасаған. Ал осы жылдың он айы ішінде 751 сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық анықталса, соның 546-сын – мемлекеттік қызметшілер жасаған. Шұғыл жиында Президент статистиканы тілге тиек етіп, жемқорлықты жою үшін қабылданатын шаралар туралы ешнәрсені жасырмай, барлығын халыққа ашық көрсетіп отырамыз деді.

Сол себепті түрлі деңгейдегі басшылардың жымқыруға қатысты құқықбұзушылықтарын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі Бас прокуратурамен бірге жедел және жіті тексереді. 

«Өзіміздікі» және «Өзіміздікі емес», тіпті «бөтен» деп бөлуге мүлде жол берілмейді. Өйткені Конституцияда заң мен сот алдында бәрі тең екені анық жазылды. Біз бәріміз де осы заңға бағынуымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz