Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөнінде есеп берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Тегтер #24KZ #Қасым–Жомарт Тоқаев #Ұлттық қауіпсіздік Комитеті #қабылдау #Таңдаулы #АқордаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz