RU
Толық нұсқаға өту

Креативті экономика туралы заң жобасы «Әділет» партиясында талқыланды

13.11.2026, 22:30 36

Креативті бизнеске салық жеңілдіктерін беру, зияткерлік меншікті кепілге қойып қаржы алу, кино өндірісіне рибейттер енгізу және қазақстандық контентті халықаралық нарыққа шығарудың жаңа тетіктері. Бұл ұсыныстар «Әділет» партиясында Құрылтай депутаттарының, мемлекеттік органдардың, банк секторының, бизнес пен шығармашылық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен жиында талқыланды, деп хабарлайды 24KZ.

Дөңгелек үстелде саланы дамытудың үш негізгі бағыты аталды. Олар – қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, өңірлерде креативті инфрақұрылым құру және зияткерлік меншікті қорғау. Авторлық туындыларды, брендтерді және шығармашылық еңбектің өзге де нәтижелерін қаржы тарту үшін пайдалануға жағдай жасау қажет. Сыйақы төлеу тетіктерін жетілдіру және қазақстандық жобалардың шетел нарығына шығуына қолдау көрсету де маңызды.

Гүлісхан Нахбаева, ҚР Құрылтайының депутаты:

– Құрылтай қабырғасында бір топ бастамашылық еткен депутаттардың жұмысы аясында арнайы дербес креативті экономика туралы заң жобасы үйлестірілуде. Әрине, бұл заң жобасы мемлекеттік органдармен бірге бірлесе отырып, ортақ позицияларды, ортақ нормаларды үйлестіру керекпіз. Заң қабылдаған кезде осы креативті индустрия саласының өкілдеріне нақты қолдау тетіктері әзірленіп, ол фиктивті түрде жұмыс жасау керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz