RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан-Ресей: Жоғарғы соттар ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

17.11.2026, 13:20 42

Көршілес елдердің Жоғарғы соттары екі жылдық келісімге келді. Қазақстан мен Ресейдің Жоғарғы соттарының төрағалары ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды, деп хабарлайды 24KZ.

Құжат сот арқылы қорғанудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ сот төрелігінің сапасын арттыру мәселесінде өзара мүдделер де ескеріледі. Өйткені екі жақты біріктіретін терең тарихи, гуманитарлық байланыстар мен стратегиялық әріптестік орнаған. Асламбек Мерғалиев пен Игорь Краснов тұрақты түрде тәжірибе алмасып, жаңа үрдістерді талқылап отырудың өзектілігіне тоқталды. Бұдан соң Жоғарғы соттар төрағалары мен екі ел делегациясына қазақстандық сот жүйесінің технологиялық жетістіктері таныстырылды. Атап айтқанда, ахуалдық орталықтағы талдау және мониторинг әлеуеті, озық цифрлық әзірлемелер мен аумақтан тыс соттылық жүйесі жайлы мәлімет берілді. Жасанды интеллект пен ауқымды деректерді өңдеу технологиялары туралы айтылды. Сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігі мен ашықтығын айтарлықтай арттыратын интернет-сот залының көпфункционалды мүмкіндіктері көрсетілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz