RU
Толық нұсқаға өту

Отандық өндірушілер «Халықтық құрылыс» бағдарламасына атсалысады

17.11.2026, 15:30 13

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға отандық өндірушілердің қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл міндетті іске асыру Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, әкімдіктерге, «Бәйтерек» холдингіне және «Атамекен» ұлттық палатасына жүктелді. Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағытталатын «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру отандық өнеркәсіп саласы үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашатыны баса айтылды. Бұл ретте қазақстандық кәсіпорындар негізгі құрылыс материалдары бойынша ішкі қажеттіліктің орта есеппен 73%-ға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Жобаларды жүзеге асыру кезінде тауар өндірушілер тізілімінде бар өнімдерді ескеру, тауарларға қажеттілікті алдын ала жариялау және сатып алу және жеткізу мерзімдерін ескере отырып, өндірістерді кеңейту қажеттігі атап өтілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz