RU
Толық нұсқаға өту

Жолдауда жүктелген міндеттер өңірлерде түсіндірілді

17.11.2026, 17:20 16

«Әділет» партиясының өкілдері Алматыда жылу желілері кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесіп, қаланың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды 24KZ.

Әңгіме барысында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жылумен жабдықтау нысандарына заманауи технологияларды енгізу қажеттігі сөз болды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, кәсіпорын қызметкерлері саланың өзекті мәселелерін көтерді. Сондай-ақ энергетика саласын одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Айдар Күнтубай, «Әділет» партиясы жастар қанатының Алматы қалалық филиалы төрағасы:

- Кездесу барысында осы әріптестер тараптарынан бірнеше жаңа ұсынымдар берілді. Осы коммуналдық қызмет саласында жұмыс істеп жүрген мамандардың да қоғамда болып жатқан осы мәселелерге бей-жай қарамайтындығын көрдік. Өйткені мен бұл салада жастардың да жұмыс істеп жатқанын байқадым. Өйткені жастар дегеніміз – еліміздің ең басты қозғаушы күші.

Партиялықтар Ұлытау облысында мұнай құбыры басқармасының жұмыскерлерімен кездесті. Онда цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні дамыту, жұмыспен қамту және адами капиталды нығайту мәселелеріне басымдық берілді. Жолдаудағы міндеттерді өңірдің экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктеріне сай жүзеге асыру жолдары қарастырылды.

Ал Маңғыстау облысында партия өкілдері теміржол саласының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, халықты әлеуметтік қолдау, салық саясаты мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қозғалды. Жиында шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамдарының әлеуметтік кепілдіктерін нығайту мәселелері де талқыланды. Соңында кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру және олардың өңірлерде жүзеге асырылу жолдарын талқылау мақсатындағы кездесулер легі жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz