RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Құрылтайы

Құрылтай жанынан Жастар кеңесі құрылады

18.11.2026, 17:30 3

I шақырылымдағы Құрылтай жанынан Жастар кеңесі құрылады. Жаңа құрылым жастар бастамаларын қолдауға және олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін тұрақты диалог алаңы болмақ, деп хабарлайды «24KZ».

 Кеңес құрамына Құрылтай депутаттары, жастар ұйымдарының өкілдері, өңірлік белсенділер мен түрлі саладағы жас мамандарды енгізу ұсынылып отыр.

 Басты назар өңір жастарының ұсыныстары мен бастамаларына аударылады. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы жастардың үнін жалпыұлттық деңгейде жеткізу көзделген.

 Сондай-ақ Кеңес халықаралық жастар ынтымақтастығын дамытуға, қазақстандық жастардың мүддесін шетелдік алаңдарда танытуға және олардың бастамаларын ілгерілетуге атсалысады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz