RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Біз халықаралық академиялық серіктестіктің мықты базасын құрдық

19.11.2026, 15:10 27

Еліміз халықаралық академиялық серіктестіктің мықты базасын құрды. Мемлекет басшысы осыған атсалысқан барша әріптестерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды 24KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ашылған шетелдің беделді жоғары оқу орындарының филиалдарын атап өтіп, ірі қалаларда атом саласына, жасанды интеллект пен креативті индустрия бағыттарында маман даярлау жолға қойылып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі сапалы білім басқа өңірлерге де қолжетімді болу керектігі айтылды.

«Енді мен білікті кадрлар, ғылыми жетістіктер және инновациялар арқылы елімізде әлемдік деңгейдегі білімді орнықтыру жөнінде міндет қойдым», – деді Президент.

Академиялық хабты дамытудың екінші кезеңінде ғылыми ынтымақтастыққа, бірлескен зертханалар ашуға және серпінді технологиялық жобаларды жүзеге асыруға баса мән беріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz