RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанның академиялық әлеуеті артып келеді

19.11.2026, 15:20 20

Мемлекет басшысы Қазақстанның жоғары білім саласындағы халықаралық байланыстары нығайып, отандық университеттердің әлемдік рейтингтердегі орны жақсарғанын атап өтті. Қазір елімізде 11 мемлекеттің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары жұмыс істейді, деп хабарлайды 24KZ.

Онда 12 мыңнан астам студент білім алады. Бұдан бөлек, 18 қазақстандық университет QS World University Rankings рейтингіне, тағы 10 оқу орны Times Higher Education тізіміне енген. Шетелдік жастардың да елімізге қызығушылығы артып келеді. Қазір елімізде 41 мыңнан астам шетелдік студент бар. Президент 2029 жылға қарай олардың санын 100 мыңға жеткізу міндетін қойды. Мемлекеттің стратегиялық мақсаты – Қазақстанды Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдырып, халықаралық білім кеңістігіндегі орнын нығайту.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz