Ғылымды қаржыландыру көлемі айтарлықтай ұлғайып, 590 миллион долларға жетті. Мемлекет басшысы III Стратегиялық серіктестер форумында осы бағытқа да тоқталды, деп хабарлайды 24KZ.
Ол білімге негізделген экономика құру азаматтардың ұзақмерзімді конституциялық міндетіне айналғанын атап өтті. Бүгінде республикада 132 университет бар. Онда 800 мыңнан астам студент білім алады. Кейінгі жеті жылда Үкіметтің білім беру гранттарына бөлген қаржы көлемі артып, 3,4 миллиард долларға жуықтады. Бұдан бөлек, 281 студент жатақханасы бой көтерді. Көрсеткіш алдағы уақытта тек арта бермек. Себебі жаһанда таланттар мен технологиялар үшін бәсекелестік күшейді. Осындай заманда Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады. Президент жаңа Конституциядағы білім, ғылым және инновация бағыттары ұлт дамуының діңгегі ретінде бекітілгенін еске салды. Сондай-ақ отандық және шетелдік білікті мамандардың қашан да жоғары бағаланатынын атап өтті.
Тегтер #24KZ #форум #Қасым–Жомарт Тоқаев #сөз сөйледі #ғылым саласыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz