RU
Толық нұсқаға өту

Елде 42 жаңа су қоймасы салынады

19.11.2026, 17:20 23

2030 жылға дейін елде 42 жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы бүгін Құрылтайдың комитет отырысында талқыланды. Бұдан бөлек, тағы 37 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан асатын канал жаңғыртылады, деп хабарлайды 24KZ.

Ауқымды жұмыстарға халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты тартылмақ. Мәселен, Ислам даму банкі арқылы жаңа 4 су қоймасын салу, 5 нысанды жаңғырту және 2 жарым мың шақырымнан асатын каналды жөндеу жоспарланған. Ал Азия даму банкі Ақмола облысында Есіл өзенінің су деңгейін реттейтін нысанды қаржыландыруға қатыспақ. Жалпы алғанда Қазақстан су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға 1 млрд 153 млн доллар тартуды жоспарлап отыр.

Әбілқайыр Тамабек, Құрылтай депутаты:

- Қаржыландырылып жатқан жобалардың барлығы былтыр басталды. Бірақ былтырғы жылы вегитациялау уақытында шаруалар су ала алмады. Биыл тағы да қалып қаламыз ба деген қауіп бар. Сондықтан осының алдын алу үшін жасап жатырмыз. Бұл жердегі негізгі мәселе – жөнделіп, бетондалып жатқан каналдардың сапасы. Екінші мәселе – қаражатты уақыты игеру. Себебі бұл қаражат қарыз қаражаты болғаннан кейін, каналдар біткеннен кейін ол тарифке отырады. Яғни қайтарымы бар деген мәселе бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz