RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Павлодарда азаматтармен кездесті

19.11.2026, 20:45 34

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Павлодар қаласында белсенді азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездесті. Жиында өңірдегі білім сапасы, жас мамандарды қолдау және қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің жұмыс барысында кездесетін қиындықтар да назардан тыс қалмады. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі ахуалмен танысу, тұрғындардың пікірін тыңдап, қоғамды толғандырған мәселелерді зерделеу, деп хабарлайды 24KZ.

Әсет Қыдырманов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

– Жалпы қазіргі таңда Халық кеңесі Қоғамдық кеңестермен тығыз байланыс орнатып, мәселелерді жергілікті жерден жоғарыға шығаруға мүмкіндік алды. Бұл нені білдіреді? Ертеңгі күні халықтың үні жоғары жаққа жетіп, осы мәселелерді сіздермен бірлесіп шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Қызметімізге екі ай да болған жоқ, бірақ біраз жұмыстар атқарылуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz